Жерүсті өткелі ашылды

Ақтөбеде алғаш рет жерүсті өткелі пайдалануға берілді. Әлия Молдағұлова даңғылының бойындағы ДСК аялдамасында орналасқан өткелдің ашылуына қала әкімі Ілияс Испанов қатысып, нысанның жұмыс істеу барысымен танысты. Заманауи үлгіде салынған аспалы өткелдің биіктігі — 6 метр, ал ұзындығы — 32 метр. Толықтай бейнебақылау жүйесімен қамтылған өткелде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жеделсаты орнатылған. Камераның көмегімен жеделсатыны … Әрі қарай оқу Жерүсті өткелі ашылды